2018-2020 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтің бюджеттері туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 18-2 шешімі
(2018.28.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 26 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Орал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 17-3 «2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылы 27 желтоқсанда № 5008 тіркелген) сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2018.16.04. № 21-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.28.09. № 25-4 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2018-2020 жылдарға арналған Орал қаласының Зачаган кентінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға арналған бюджет келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 564 775 мың теңге:
салықтық түсімдер - 182 568 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 165 879 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
трансферттер түсімдері - 216 328 мың теңге;
2) шығындар - 564 775 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0 теңге:
қарыздар түсімдері - 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2018.16.04. № 21-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.28.09. № 25-4 шешімімен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда